Қорғаныс министрлігі лаңкестіктен қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды

47 просмотров

Бүгін таңсәріден ҚР қорғаныс министрлігі орталық аппаратының ғимаратында ту төмен түсірілді. Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов бастаған ҚР Қарулы күштеріндегі әскери қызметшілердің жұмыс күні қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

„Сонымен қатар ҚР қорғаныс министрлігінің барлық бөлімшелері мен ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінде мерт болғандардың рухына бір минут үнсіздік жарияланды. Сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айту жеделхатын жолдады„ делінеді қайғыға ортақтасу шарасы туралы ресми сайттағы хабарламада.

Бүгін Ақтөбедегі терактіге байланысты аза тұту күні  болып саналады.

Естеріңізге салсақ, 5-маусым күні Ақтөбеде белгісіз біреулер екі қару-жарақ дүкенін тонап, әскери бөлімшеге шабуыл жасаған болатын. Полицейлер мен қылмыскерлер арасындағы қарулы қақтығыс кезінде 13 қылмыскердің көзі жойылып, бесеуі ұсталды. Сонымен қатар, 7 адам мерт болды. Олардың төртеуі бейбiт тұрғын.

Загрузка...