Ниццадағы терактіден қаза тапқандардың саны 80-ге жетті. Ниццадағы теракт кезінде қаза тапқандардың арасында Швецария, Ұлыбритания және Испания азаматтары бар. Бірақ, әзірге олардың ішінде қазақстандықтардың барлығы туралы мәлімет түскен жоқ.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлайды.
Жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап, хабарлаған РИА Новости агенттігінің дерегіне сүйенсек,Францияның Ницца қаласында Бастилияны басып алу Күніне орай отшашуды көруге жағалауға жиналған адамдарға қарай жүк көлігі қойып кеткен.
Басында теракт кезінде 10 адам мерт болды десе, бүгін оның саны 80-ге жетіп отыр.
Ниццада терактінің орын алуына байланысты Францияда жарияланған төтенше жағдай үш айға созылды.
Соңғы мәлімет бойынша, мерекені тойлауға жиналған қауымға қойып кеткен көліктің жүргізушісінің аты-жөні анықталып та үлгеріпті. „Ол Ниццада тұратын Тунистен келген 31 жастағы ер адам„ деп хабарлайды Nice Matin.
Кейбір басылым Ниццадағы терактіні ДАИШ содырлары өз мойынына алды деп жариялағанын айтады.
https://www.youtube.com/watch?v=Hy_O5829YfI