Лаңкестік пен мұсылманның арасында ешқандай да теңдік жоқ.
«CNBC Arabia» телеарнасына сұхбат берген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл сауалға орай Мемлекет басшысы Сирия дағдарысын шешу үшін барлық мүдделі мемлекеттер келісіп, бір жерден сөз шығару қажеттігін, сол арқылы ғана нақты нәтижеге қол жеткізуге болатынын баса айтты.
«Әсіресе, араласып жатқан үлкен мемлекеттер. Өкінішке орай, әрқайсысы өздерінің мүддесін қалап, әр түрлі жағдаймен кіріседі. Әрқайсысының ішінде өз мүддесі бар. Лаңкестікке қатысып жүрген адамдар соны қолданады. Біріне бірін қарсы қояды. Сол қайшылықтан өздеріне орын табады. Сондықтан, менің ұсынысым – БҰҰ аясында бүкілдүниежүзілік қоғамдастық бірлесіп лаңкестікке қарсы тұрып, Сирияның мәселесін шешуі керек. Басқа жол жоқ деп санаймын.
Себебі, бұл – барлық мемлекеттерге төнген қауіп. Бізді білмейтін басқа дүние, Батыс елдері мұның барлығы мұсылмандардан шығып отыр деп ойлайды. Лаңкестік пен мұсылманның арасында ешқандай да теңдік жоқ. Барлық елдер бірігіп қарсы шықса оны жеңуге болады»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.