Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына аттанды. Елбасы Санкт-Петербург қаласында өтетін ХХ-шы халықаралық экономикалық форумға қатысады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Аталған экономикалық форум аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізу көзделіп отыр.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен және ресейлік бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланған.