“Мюзикола” тобының мүшесі Болат Сыздықов өмірден өтті

90 просмотров

Қазақстандық өнер өкілі Болат Сыздықов 60 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл қаралы хабар марқұмның Facebook-тегі жеке парақшасында түнде жарияланды. 

 

bulat-e1462631763752-300x300

 

Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев: «Жаңа ғана қаралы хабар естідім. Менің тағы бір сүйікті әрі құрметті Досым, Музыкант, Гитарист және өте қарапайым Адам — Болат Сыздықов дүниеден өтті. Бәріміздің жанымызға жақын Батырдан кейін, тура бір жылдан соң. Не болып барады? Неге мықтылар кетеді? Ортамызда жүргенде оларды неге бағалап, қастерлемейміз? Жатқан жерің жайлы болсын, достым! Иманды бол!» деп жазады.

Әлеуметтік желілерде көңіл айту жазбалары бүгін де жарияланып жатыр. Оның басым бөлігі — өнер адамдары.

Қазақстандық гитарист, композитор және “Мюзикола” тобының әрлеушісі, “А Студио” тобының бұрынғы мүшесі Болат Сыздықов 1956 жылы 21 маусымда Қарағандыда өмірге келген. Ол бала кезінен музыкамен айналысып, Александр Мажелянның ұстаздығымен джаз гитарасынан білім алып шыққан. Ол 16 жасында Қарағанды филормониясына қабылданып, “Гәкку” ансамблімен де бірге өнер көрсеткен.

1976 жылы ол Алматыға келіп “Гүлдер” ансамбілінде, “Арай” тобының құрамында еңбек етіп, Роза Рымбаевамен де бірге жұмыстар атқарды. 1992 жылдан бастап Карина Абдуллинамен бірге “Мюзикола” дуэтін құрып, елге танылды.

Ол 2012 жылы 5 желтоқсанда ел президентінің жарлығымен “Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері” атағын алған.

Марқұмның артында қызы Диана мен Дмитрий және Михаил атты немерелері қалды.

Музыкант әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы уақытта ауыр сырқатпен күресіп жүргені жайлы жазған еді.

“Мен сырқатымнан кейін аздап босаңсып кеттім, альбомымды да жазып бітіру керек, оны созудың өзі ұят, алайда денсаулығым маған қарсы «майдан» ашты, ол әбден менің мазамды алды. Жаңа індеттер «әскерінің» қатары көбеюде, ал оған менің тозығы жеткен ағзамдағы «әскерлер» әзер төтеп беруде”, – деп жазған әнші 3 ақпан күні ФБ-дағы өз парақшасында.

Загрузка...