Моңғолиядан келген балуан қыз ел қоржынына алғашқы медаль салды

52 просмотров

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 48 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық дзюдошы қыз Галбадрах Отгонцэцэг қола жүлдені қанжығасына байлады.

Үшінші орын үшін таласта кубалық Местре Альварестен басым түскен Отгонцэцэг осылайша Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салды.

Айта кетейік, дзюдошы қызымыз екінші белдесуінде Ами Кондодан айласын асыра алмаған еді. Осылайша алтын медаль үшін таласқа түсу мүмкіндігінен айырылып қалған болатын. Ал бірінші айналымда Отгонцэцэг Гвинеядан келген Тасиана Лиманы айқын басымдықпен жеңді.

Загрузка...