Министрлік дизель отыны 115 теңгеге жоғарлайды деп болжады

19 просмотров

Дизель отыны 115 теңгеге жоғарылайды деп күтіліп отыр. Мұны қандай да бір сарапшы емес, министрліктің өзі мәлімдеді.

ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов 1997 жылдан бері өзгермеген дизель отынының қымбаттауы заңдылық деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

— Біздің дизель отынының бағасы Ресейдегіден екі есе арзан. Біздегі бағалар, қателеспесем, 1997 жылдан бері өзгермей келеді. Біздіңше, бұл жағдайды қолдан ұстап тұру дұрыс емес. Бұл отандық мұнай компанияларына да кері әсерін беруде.

Олар жылдық қаржылық аxуалында теріс кіріспен аяқтауда. Мұнай саласының тұралап қалу қаупі бар. Бағаның көтерілуі қажет, себебі тамызда дизель отыны болмай қалуы мүмкін. Кейін қысқы мезгілде баға қайта төмендейді, — дейді ол.

Оның сөзіне қарағанда, ауыл шаруашылығында егін жинау науқанына жылдағыдай төмен бағамен егіншілерге 400 мың тоннаға жуық дизель отыны бөлінген. Оларға баға өзгермейді және жеңілдікпен есептегенде литріне 79 теңге шамасында болмақ.

— Қазір Қазақстанда шамамен 200 мың тонна дизель отынының қоры бар. Осы айда 400 мың тоннасын қосымша өндіретін боламыз. 25 шілдедегі жағдай бойынша, біз 330 мың тонна шығарып үлгердік. Оның 97 пайызын тұтынушыларға жеткізілді. Демек, бүгінде дизель отыны үздіксіз нарыққа шығарылуда, — деді вице-министр.

Еске сала кетелік, Энергетика министрлігі дизель отынының көтерме бағасын жуырда екі есеге өсірген болатын. Осыған байланысты сарапшылар оның жанар-жағармай бағасына да әсер ету мүмкіндігін болжаған. Бірақ министрлік бұл долбарды жоққа шығарып отыр.

Загрузка...