Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Мерке” өткізу бекетінде шекара қызметкерлері 3 келі марихуана тапты

Секірген ер адамды байқаған тепловоз машинисі төтенше жағдайда пойызды тоқтатқан. Алайда секірген жігіт сол маңдағы елді-мекеннің үйлері арасына сүңгіп кетіп, қараңғыда жоқ болған.

Ал шекара қызметкерлері жігіт секірген территория маңында тартылған сымның асты қопарылғанын байқаған. Тексере келе, ол арадан 2-3 метрде бір пакет табылған. Ішінен өсімдік түрінде шамамен 3 келі болатын марихуана шыққан.

Бұл жайт жақын маңдағы Жамбыл облысының құқыққорғау органы өкілдеріне хабарланып, ескертілді.

Тағы осы күні “Жайсан теміржолы” өткізу бекетінде Ақтөбенің шекара отряды иісшіл итті пайдалана отырып, “Алматы-Орал” бағытындағы пойызды тексеріп, есірткімен 61 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Азаматты тексеру кезінде шалбарының қалтасынан сұр-жасыл түсті өзіндік иісі бар 10 грамм көлемінде гашиш шықты, ал матрацтың астынан шамамен 30 грамдай марихуана табылды.

Бұл жайт туралы шекарашылар құзырлы мекеме өкілдерін құлақтандырды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз