Мас боп, масқарасы шыққан мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан қуылады — вице-министр

53 просмотров

Қоғамдық орындарда мас күйінде ұсталған мемлекеттік қызметкерлер жұмысынан айырылады. Бұл туралы Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі вице-министр Айгүл Шайымова мәлім етті.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, мұндай қылық мемлекеттік қызметкердің этикалық кодексіне қайшы келеді.

— Олар өз тәртібімен баршаға үлгі болуы керек, өйткені қоғам соларға қарап, еліктейтіндей болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкер қоғамдық орындарда мас күйде болмауы тиіс, себебі бұл жағдай оның адамдық абыройын түсіреді және қоғамның адамгершілігін жояды. Сонымен қатар, мемлкеттік қызметте істейтіндер заңнаманы бұзбауы тиіс, тәртіп пен қауіпсіздікке жол бермеуі керек. Осы әрекеттерді жасағандарға жұмыстан шығаруға дейінгі тәртіптік жауапкершілік қарастырылған, — деді вице-министр.

Шайымованың айтуынша, еліміз бойынша мұндай теріс қылық жасаған шенеуніктер үнемі жұмыстан қудаланып отырған. Олардың ішінде түрлі деңгейдегі басшылық қызметте жұмыс істегендер де бар екен.

Бұл деректер Маңғыстау, Ақмола облыстарында тіркелген, мұнда аудандық әкімдіктің басшылық қызметіндегілер мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаланыпты.

Вице-министр жыл басынан бері 152 мемлекеттік қызметкердің тәртіптік жазаға тартылғанын айтып өтті.

Еске салайық, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң күшіне енді. Қызметтік тұлғалар, енді сыйлық ала алмайды.

Загрузка...