Марқұм журналист Руслан Бөлебайдың атына көше берілді

140 просмотров

Қызылорда облысының Шиелі кентінде танымал журналист Руслан Бөлебайдың атына көше берілді. Қуанышты хабарды әнші Роза Әлқожа жеткізді.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Руслан Бөлебай 2009 жылдың 16 тамызында жол апатынан көз жұмған. Ол кезде журналист небәрі 25 жаста болатын.

Көзі тірісінде бірнеше басылым мен арнада жұмыс істеп, Мұхтар Шаханов, Майра Ілиясова, Бақтияр Тайлақбаев, Маржан Арапбаева және Ақерке Тәжібаева сынды танымалдардың кешін жүргізген.

Артынша тележүргізушіліктен бөлек ән айтуды қолға алған. “Кең дала”, “Сен болмасаң”, “Жанарым”, “Елес”, “Мөлдір моншақтар”, “Кешікпей келем деп ең”, “Махаббатпен ойнама сен”, “Іңкәрім-ай” сынды туындыларды орындаған.

Загрузка...