Маңғыстауда мұнайшылар аштық жариялады

172 просмотров

Талаптарын орындата алмай, аштық жариялап жатыр. Маңғыстауда «Бұрғылау» деп аталатын жеке меншік компанияның жүздеген қызметкері бүгін бесінші күн қатарынан жұмысқа шыққан жоқ.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

«Ала жаздай жарытып ақша алмадық» деген мұнайшылар басшылықтан ақшаларын көтеруді талап етуде.

“Бұрғышы машинисі болып істеймін бесінші дәрежеде. Менің алатыным 150, 200 мың айлық алам. Ол менің ешқандай кредитіме  жетпейді, бала-шағама да жетпейді. Бала бағып отырмын. Біздің талабымыз сол, біздің ақшамызды көтергенін, « ЕСIOT» дегенді көтеруін талап етіп отырмыз”, – дейді мұнайшы Нұрберген Қошқарбаев.

Жұмысқа шығуды қойған жаңаөзендік мұнайшылар компания кеңсесінің алдында отыр. Қойған талаптарымен басшылықтың жуық арада келісе қоймайтынын білсе керек, өздерімен бірге жерге жаятын кілемдерін де ала келген. Наразы жұмысшылардың сұрап отырғаны – жағдай жасау, сондай-ақ, ұлттық компаниялардағыдай жалақы төлеудің бірыңғай жүйесін енгізу. Бірақ, жекенің меншігіндегі «Бұрғылау» компаниясының оның бәрін орындауға қауқары жетпейді екен. Мұны басшылығы ашық айтып отыр. Әрі бұл мәселенің туындауы – жаздағы жұмыс уақытының қысқаруынан екен. Өйткені, мұнай бағасы арзандаған соң, тапсырыс та азайған. Дегенмен, алыс-берістегі жағдай оңалса, жалақы да көтеріледі деп уәде етуде.

-“Бұл жерде жұмысшылар қатты қателесіп отыр. «ЕСIOT» деген ол ұлттық компаниялардың деңгейінде енгізілетін жүйе. Ал біз жекеменшік компаниямыз. Тапсырыстың азаюына байланысты, компаниямыз қиын жағдайда қалды. Алайда, несие алып, айлық төлеп жатырмыз. Бұл тығырықтан шығу үшін тапсырыс берушілерге тарифті көтеру туралы ұсыныс айтпақшымыз”, – дейді «Бұрғылау» ЖШС бас директоры Дүйсенбай Таушанов.

0itbwmneuvq-1

Загрузка...