Мәсімов Батыс Қазақстанға келді

24 просмотров

11 тамыз күні ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Үкімет басшысы «Орал» халықаралық әуежайының қауіпсіздік жүйесімен, «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес қолға алынған «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» күре жолын қайта құру барысымен танысып, өңірдегі автожолдардың жай-күйіне қатысты кеңес өткізбек.

Сондай-ақ, «Кублей» ЖШС-да болып, агроөнеркәсіп кешені және тағам өнеркәсібі саласы өкілдерімен кездеседі.

Премьер-Министр сапары барысында «ҚПО б.в.» бас кеңсесінде газ саласын дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысына қатысып, Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында облыс жұртшылығымен жүздеседі.

Загрузка...