Бірнеше адамды ажал құштырған қайғылы оқиғаға байланысты Үкімет басшысы Қарағанды облысына тексерумен бармақ.
Осыған байланысты премьер-министр еліміздің Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннен есеп алды, деп хабарлайды КТК арнасы.
Премьердің кабинетіне келген Бекшин соңғы тәулікте Еркіндік ауылында күйдіргі дертінің тіркелмегенін айтты. Дегенмен, бұл жайтқа алаңдаулы екенін айтқан Мәсімов кеселдің таралуын тоқтатып, халықты дерттен қорғауға пәрмен берді. Айта кетсек, бірнеше жылғы үзілістен кейін ел алдына қайта жиі шыға бастаған Үкімет басшысы алдағы аптада Қарағанды облысына арнайы барып, аса қауіпті күйдіргі індетіне қатысты бөлек жиын өткізбек.
-Елде енді мұндай жайт қайталанбас үшін тиісті шараларды жасау керек. Адам денсаулығы маңызды. Жіті қадағалауда ұстаңыз. Мұны жеке сізге тапсырып отырмын.