Мұнай бағасы тағы да түсті, доллар тағы қымбаттай ма?

49 просмотров

Бүгін таңертең халықаралық биржада Brent маркасындағы мұнайдың бір баррелінің бағасы 41,97 долларға WTI — мұнайының бір баррелі 39,81 долларға дейін төмендеді.

Шикізаттың көптігі нарыққа әлі де қысым көрсетіп, мұнайды арзандатып жатыр. Дегенмен Bank of America Merrill Lynch мұны спекульятивтік әрекетке балайды. Олардың зерттеуі бойынша, жылдың соңына дейін мұнайдың бір баррелі 55 доллар, 2017 жылы ол 61 долларға көтерілуі керек.

„Қазіргі биржадағы құбылмалы баға осы жылдың қаңтар мен маусым айлары аралығындағы бағаға жасалған түзету деп санауға болады. Тепе-теңдік орнатылды, бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай, ол әлі тұрақты емес, спекульянттар, әзірге бағаны төмендету бойынша „ойынға„ көшкен. Түзету енгізіліп жатыр, бұл биржаға тән қалыпты құбылыс„ делінеді банктің сараптамалық құжатында.

Онда „энергетикалық компанияларға маусымдық бағаға көп көңіл бөлмеуге, негізінен жылдық баға бұл арада үлкен рөл атқаратындығы айтылған. Ал биылғы жылдың орташа бағам — 40-50 доллар„ делінеді. Ал келесі жылы баға 60 доллардан асады.

Қалай дегенмен де халықаралық сарапшылар шикізат өндіруші компанияларды сабырға шақырып жатқанымен, мұнай саудалайтын елдердегі америкалық валюта қойқалақтап тұр.

Кеше 1 АҚШ долларының ресми бағамы 352,1 теңге болса, бүгін ҚР Ұлттық банк белгілеген баға 353,7 теңгені көрсетіп тұр. Демек, теңге тағы құнсызданды.

Алматыдағы ақша айырбас орындарында америкалық валюта 354-355 теңгеден сатып алынып, 356-357 теңге аралығында сатылып жатыр. Осылайша өткен аптада 345 теңгеден сатылған АҚШ доллар 360-ға жақындап қалды. Баға күрт өзгермегенімен, күн санап осылайша 1 теңгелеп күшейген доллар білінбей көз алдымызда қымбаттап барады.

Загрузка...