Мөлдір Әуелбекова күйеуін «таз» деп тілдеген бойжеткенді орнына қойды

323 просмотров

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова жолдасын «таз» деп тілдеген бойжеткенді орнына қойды.

Бұл туралы Nur.kz хабарлады.

Желі қолданушысы әншінің күйеуін «таз бас» деп атап, «оған тұрмысқа шыққан Мөлдірді» сынаған. Бұған жауап ретінде әнші желі парақшасында күйеуін мазақ еткен бойжеткеннің фотосын жариялай отырып, оған тәубесіне келуге кеңес берді.

«Менің айтайын дегенім жолдасыма сөз тигізбегін! Нағыз «позор» имансыздық танытып тұрған өзіңіз деп ойламаған нендей данышпан едіңіз?! Аллаh жаратарда сізден сұрамайтыны xақ! Тәубеңізге келуді нәсіп етсін!», — деп ашынды Әуелбекова.

Ал мұны оқыған желі қолданушылары бойжеткеннің ұятты әрекетін сынға алып, махаббаттың түрде емес, жүректе екенін алға тартқан.

Загрузка...