Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

МұхтарТайжан: “Қазақтың тілі – демократияның тілі”

– дейді ол.

Мұхтар Тайжан

Рас, бір жағынан.

Тайжан осы дүниені тура айтыпты.

“Ендеше, қазақты құтқаратын не? Ол – қазақылық”,

– дейді саясаткер. 

 – Мен бұл қорытындыға баяғыда келдім. Былай қарасаңыздар, жер мәселесі жайлы құрылған комиссия – ол да қазақ дәстүрі. Жалпы, ұлттық дау  – жер дауы –  пайда болғандықтан, қазақ халқы құрылтай құрды. Бүкіл елді аралап, халықтың пікірін біліп, шешім қабылдап жатырмыз. Ел аралап жүргендердің дерлігі – елге танымал тұлғалар, – дейді Тайжан.

Қазақылық жеңсе – демократия жеңеді

Міне, Мұхтар Тайжан осындай ұстанымда. Неге? 

 Себебі,

қазақтар ғасырлар бойы демократиямен өмір сүрді. Хандарымызды сайладық, билеріміз тәуелсіз сот жұмысын атқарды. Ақындар халықтың сөзін сөйлеп билікке сын айтты.

“Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ,” – деген заң болған. Мемлекеттің ең маңызды мәселелерін жалпы ұлттық құрылтайда талқыға салатын бабаларымыз.

Яғни, мемлекетемізде қазақылық жеңсе,Қазақстанда демократия мен сөз еркіндігі деген ұғымдар күшейетін болады, ал жемқорлық жоғалады. Елімізде қазақылық жеңсе, ақсақалдар әдемі қартаяды, қыздар мен жігіттер абыройларын сақтап жүреді, қарасақалдар ел тірегі болып, еңбек атқарады. Билік халықтың қалауымен мемлекетті реттейді.

Ресейден жирен…

“Қазір біз Ресей империясының заңдары бойынша өмір сүріп жатырмыз”, – дейді Тайжан.

Бұған дәлел бар ма? Бар?

– Адал сайлау мен демократия жоқ, ақындардың тіпті, айтыста ауыздарын жауып жатыр. Сөз еркіндігі жойылып кетті, жемқорлық гүлденіп тұр. Бұл – қазаққа жат қоғамдық дәстүрлер, бұл – Ресей империясының дәстүрлері –

халықты құл (крепостной) санау, халықтың пікірін менсінбеу. 

Биліктің халықтан алыстауы, ол да Ресейден жұққан 

Мұхтар Тайжан халық Жер комиссиясының әр отырысын асыға күтеді деген сенімде.  Себебі, бұл билік пен халықтың арасындағы әзіргі күнгі жалғыз көпір деп санайды. Мұнымен де келісеміз. Тайжан өзінің тұжырымын тұздықтай түсіпті. 

– Айталық, Мәслихатта отырған депутаттарды кім біледі, кім таниды? Олар халықпен кездесіп жүр ме өзі? Әкімдер ше? Жоқ! Өткізіп жатса, тып-тыныш отыратын бюджет қызметкерлерін жинап, жиын өткізеді. Негізі билік халықтан алыстап кетті. Алайда бұл қазақылыққа жатпайды, бұл да бізге Ресейден жұққан. 

Саясаткердің пікірінше, қазіргі Қазақстандағы жалғыз демократиялық орын ол – Жер комиссиясы. 

– Иә, дәл солай. Себебі, ол қазақ тілінде және қазақы құрылтайдың дәстүрі бойынша өтіп жатыр. Ешкім ешкімнің сөзін бөлмейді, пікірталас ашық, халыққа айқын өтуде. Ақсақалдарды сыйлап отырмыз. Бұл кездейсоқ емес. Мәселен,

қазақ тілі – демократияның тілі, сөз еркіндігінің тілі, ал қазақ жиыны – ол демократияның жиыны.  

Демократия, сөз еркіндігін күшейту үшін біз елімізде, әсіресе, билігімізде қазақылықты күшейткеніміз жөн, – деп түйіндейді Тайжан. 

Оқырман сіз қалай ойлайсыз? Бұрынғы бабаларымызды ұмытпай арадағы байланысымызды қайта жалғау үшін не істеуіміз керек? Тұщымды пікір күтеміз. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз