Әли Оқапов қыздармен танысудан қорқады екен

238 просмотров

Әли Оқапов өзі ұнатып қалған қыздың қасына жақындауға қорқатынын айтыпты.

«Қазір жасым – 25-те. Ақыл тоқтатқан адаммын, жұмысым да бар, ақымақ та емеспін. Алайда әлі күнге дейін дос-жараны аз, салмағы кемшін, тісіне брекеттер тағатын бозбала Әлиге айналып кететін кездерім көп болады. Осындай күйге, әсіресе, шешеммен немесе бір кезгі мектептегі ұстаздарыммен бірге жүрген кезде түсемін. Сондай-ақ, бейтаныс қызды ұнатып қалған сәтте осылай сезінетінім бар. Қашуды қашан қояр екенмін?» – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде Әлидің шыншылдығына риза болған екен. Керісінше, әншінің қарапайымдылығына тәнті болып, мұндай ойларымен жиі бөлісіп тұруын сұрапты.

Загрузка...