Коменданттық сағат енгізілген Түркия елі қалыпты өмірге көшті

38 просмотров

Түркияның премьер-министрі Бинали Йылдырым әскери төңкерістен кейін ел қалыпты өміріне қайта оралғанын мәлімдеді.

Одан тыс Бинали Йылдырым төңкеріс жасауға оқталған бүлікшілер, соның ішінде Түркияның Қарулы күштеріндегі осы оқиғаға қатысы бар адамдардың барлығы құрықталғанын және олар тиісті жазасын алатынын атап өтті.  Бұл туралы Риа Новости хабарлайды.

Еске сала кетелік, соңғы деректер бойынша Түркияның Анкара мен Ыстамбұл қалаларында жасалған әскери төңкеріс кезінде 200-ге жуық адам көз жұмған.

Загрузка...