Иван Дычкоға Қостанайдан үш бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді

112 просмотров

Қостанай мен Рудный қалалары өз Олимпиада батырын — Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиада ойындарының бокстан қола жүлдегері Иван Дычконы күтіп алды.

Облыс орталығы көшелеріне шыққан жанкүйерлердің қошеметіне бөленген Иван қолына Мемлекеттік Ту ұстап, салтанатты кортежде жүріп өтті. Қостанайдағы мерекелік шаралар аяқталды және Дычко өзінің туған қаласы 50 шақырым жердегі Рудныйға аттанды.

Рудный орталық алаңында спортшыға құрмет көрсетілді және Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласынан берілетін үш бөлмелі пәтер сертификатын табыстады.

Загрузка...