Грузияда жоғалған отандасымыз әлі табылар емес

32 просмотров

Бүгін оны іздеу шараларына ресейлік және украиналық еріктілер қосылды. Олар Сергей Трофимовты жер-жерден іздеп жатыр. Бірақ әзірге ешқандай нәтиже жоқ. Яғни, Грузияға саяхаттап барып, ұшты-күйлі жоғалған отандасымыз үш аптадан бері табылар емес.

Бұл туралы КТК хабарлайды. 

Роман Ганюшин, Сергей Трофимовтың досы:

— Құтқарушылар бізге көмектесуден бас тартты. Бірақ жоғалғандарды іздеумен айналысатын ресейлік ұйым қосылды. Қазір олар Сергейді мына дөңнің ар жағынан іздеп жатыр. Ал құтқарушылардың бізге бар көмегі – бүгін берген бинокльдері ғана.

Ресейлік ұйым Сергейдің жағдайы туралы кездейсоқ білген екен. Олардан отандасымыз жоғалған аймаққа бірден 10 адам келіпті. Еріктілер осы маңды жаяу аралап, әр жерді жіті қарап жүр. Ал саяхатшының жақындары оны өз еркімізбен таба алмаймыз ба деп алаңдайды. Жоғалған азаматтың ұялы телефоны арқылы соңғы рет орналасқан жерін анықтау шаралары да әлі нәтиже бермепті.

Айта кетсек, Грузияға саяхаттап барған Сергей Трофимов 23 шілдеден бері іздестіріліп жатыр. Ол Ушгули шатқалына кетіп, сол күйі оралмаған.

 

 

Загрузка...