Грузия ІІМ барлау департаментінің хабарлауынша, 20 тамызда ауқымды террорлық акт жасауға талпынған жеті грузин азаматы қолға түсті. Бұл туралы Азаттық радиосының Тбилисидегі тілшісі Георгий Кобаладзе хабарлады.
ІІМ мәліметі бойынша, ұсталғандардың бесеуі құпия қоймадан жарылғыш заттар шығару кезінде қолға түскен, олар сол заттардың көмегімен Ресейден Арменияға тартылған стратегиялық газ құбырын жармақ болған.
Департамент өкілінің мәлімдеуінше, ұсталғандардың бірі үнемі Украинаға барып жүрген, оның нақты кімнің тапсырмасын орындағаны әзірге белгісіз.