Франция президенті лаңкестерге қарсы соққыларды күшейтетінін мәлімдеді

38 просмотров

Франция президенті Франсуа Олланд Ниццада болған терактіге байланысты ел алдына шығып, халықты сабырға шақырды.

Бұл туралы РИА Новости агенттігі хабарлайды.

— Ниццада 14 шілдеде (Бастилияны алған күні) жүк көлігінің жүргізушісі қасақана бір топ адамды жапырып кетті. Салдарынан 77 адам қаза тапты. Олардың арасында балалар көп. Ал 20 адам ауыр жағдайда жатыр. Бұл шабуылдың лаңкестік әрекет екенін мойындамауға болмайды, — деді Олланд.

Олланд жүк көлігімен бір топ адамды мыжыған лаңкестің көзі жойылғанын растады.

«Қазіргі уақытта біз оның сыбайластары болды ма, жоқ па айта алмаймыз», — деді Франция президенті.

Сонымен қатар, Олланд Францияның Сирия мен Ирактағы лаңкестерге қарсы соққыларын күшейтетінін мәлімдеді.

«Біздің жерімізде шабуыл жасап жүрген Сирия мен Иракка соққылармызды күшейтеміз», — деді Олланд.

Франция президенті Францияда 26 шілдеде аяқталуы керек төтенше жағдай режимі тағы үш айға созылатынын айтты. Оның айтуынша, биліктегілер де «Сентинель» терактілерін алдын алу үшін операцияларды жүргізуді қолдайды.

Кеше жүк көлігінің жүргізушісі Бастилияны алу күніне байланысты Ницца жағалауына отшашуды тамашалауға келген бір топ адамды жапырып, басып өткен болатын. Бұл теракті деп қабылданды. Қайтыс болған адамдар саны — 80-ге жуық.

Загрузка...