Филиппин өлім жазасын қалпына келтіруі мүмкін

52 просмотров

Филиппиннің жаңадан сайланған президенті Родриго Дутерте өлім жазасын қайтарып, құқық қорғау органдарына оқ атуға рұқсат берді.

242

Бұл — 71 жастағы ел лидерінің кезекті резонансты бастамаларының бірі. Осыған дейін ол  алкоголь мен темекі шегуге тыйым салуға, сонымен қатар балалар үшін коммендантық сағат орнататынын айтқан. Сондай-ақ ол президенттік сарайда аурухана орналастыруға сөз берген, деп хабарлады Би-Би-Си.

Айта кетейік, Филиппинде  2006 жылы өлім жазасынан бас тартқан. Дутерте сөзіне қарағанда, ол  парламенттен жазалаудың ең қатал шарасы ретінде өлім жазасын қалыпқа келтіруді сұрайтынын айтты.

Сонымен қатар, қамауға алар сәтте қарсылық көрсеткен жағдайда, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыспен байланысты тұлғаларды ұстағанда құқық қорғау органдары қарумен ата алады, деді ол.

Загрузка...