Есірткі тастап, жазықсыз адамды қылмысты етіп көрсеткісі келген полиция қызметкері сотталды

54 просмотров

Есірткі тастап, жазықсыз адамды қылмысты етіп көрсетіп, ол үшін пара алған Жамбыл облысының полиция қызметкері 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы Тараз қалалық №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлайды.

«Іс материалдарына сәйкес, 2015 жылы 17-наурызда Жамбыл облысы Шу аудандық ішкі істер басқармасының жедел уәкілі мемлекеттік қызметкер бола тұра қызметтік міндеттерін асыра пайдаланып, А. азаматына заңсыз тергеумен анықталмаған заттарды лақтыру жолымен, кейіннен сол заттарды есірткі заттары түрінде көрсетіп ұстаған. Ұсталған азамат кейін заңсыз есірткі заттарын сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғысы келмей, 200 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат ұсынған»,- делінген хабарламада.

Тараз қалалық №2 сотының үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен „кінәлі„ деп танылып, оған осы бап бойынша оның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында жұмыс атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жазаны түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленді. Алайда соттың бұл үкімі заңды күшіне енбегенін айта кетелік.

Загрузка...