Есболат Беделхан: «Балағаттап сөйлейтіндерді жазалау керек»

81 просмотров

Әнші, «Орда» тобының мүшесі Есболат Беделхан балағат сөз айтатындарды мәдениетсіз деп атап, оларды жазаға тартуды ұсынды.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында жазды.

Әнші балағат сөзді өзі де айтып қоятынын жасырмады, оның айтуынша оған оның сүйікті қызы осыған байланысты ескерту жасап отырады. Дегенмен, әнші балағат сөз қосып сөйлеуді ерсі, әдепсіз әрі мәдениетсіз деп санайды екен.

Сондықтан, ол дамыған ел болу үшін, мәдениетті түрде өмір сүру үшін отбасыңмен де, достарыңмен де, өзіңмен өзің де ешқашан былапыт сөз қолданбаған дұрыс екенін жеткізді.

«Егер біздің елде қоғамдық орындарда боқауыз сөздер айтқандарды жауапкершілікке тарту туралы заң қабылданар болса, онда мен бұл заңды бұзсам, қоғамдық жұмысқа тартылу секілді жазаны өтеуге дайынмын», — деп жазды ол.

tw1_8355_novyj-razmer

Дереккөз: nur.kz

Загрузка...