Еліміздің басым бөлігінде ауа-райы тұрақсыз

24 просмотров

Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түсуі де ықтимал.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында, күндіз Ақмола облысының бірқатар аумағында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей өңірлерінде қатты жел тұрып, тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында да жел күшейіп, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Маңғыстау және Атырау облыстарында қатты ыстық болады. Төтенше жағдай ведомствасы бұл өңірлерде өрт шығып кету қаупі бар екенін ескертеді.

Загрузка...