Еліміздің басым аумағында күн ашық болады

14 просмотров

Еліміздің солтүстігі мен шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, найғазай ойнайды, жел соғады, күндіз шығыста бұршақ түсуі мүмкін. Тек  республиканың батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік және орталығында ауа райы жауын-шашынсыз.

Қазгидрометтің ақпаратынша, Алматы, Жамбыл,  Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады.  Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріледі. Оңтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең жел тұрып, шаңды дауыл көтеріледі деп күтілуде. Шығыс Қазақстан облысының кейбір аудандарында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында жел соғып, түнде тұман байқалады. Павлодар, түнде және таңертен Қарағаңды облыстарының кей аймағында тұман түседі. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде  аптап ыстық күтіледі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кейбір аумағында жоғары өрт қаупі сақталады.

Загрузка...