Полицейлер қорғаушыға емес, қорлаушыға айналған

40 просмотров

 Сақшылардың абақтыға нашаны қалай жеткізетінін ішкі істер вице-министрінің өзі айтып берді.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Рашид Жақыповтың айтуынша, абақтыға есіртікіні түрме қызметкерімен қоса сотталғандардың туыстары мен адвокаттар да тасиды. Бұл аздай, полицейлер тергеу абақтысына түскендерді және бұзақылықпен ұсталған балаларды аяусыз қорлап, зорлық-зомбылық көрсетеді екен.

Полицейлер қорғаушыға емес, қорлаушыға айналған. Мәселен, биыл елімізде небары алты айда «сақшыдан зорлық-зомбылық көрдім» деп 350 адам арыз жазған. Бірақ оның тек 4-уі ғана  сотқа жетіпті. Қалғаны жабылып тынған. Ішкі істер қызметкерлері бұзақылықпен ұсталған балаларды да аямайды екен.

Полицейлердің осындай дөрекілігінен  уақытша қамауға алынған мыңдаған баланың психикасы бұзылып, қорқып қалған.  Бұл аздай тәртіп сақшылары  түрмені есіртікі сататын базарға айналдырыпты. Ішкі істер қызметкерлері тура абақтының ішінде есіртікінің әр дозасын 5  мың теңгеден еркін саудалап жүр дейді адвокаттар. Оны министрлік те мойындап отыр.

Загрузка...