Алматыда орын алған атысқа байланысты Қазақстанның барлық әскери бөлімдері және басқа да әскери обьектілердің қызметі, қару-жарақ қорғанысы күшейтілген режимге көшті.
Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Алматы қаласында террорлық қауіптің қызыл деңгейі орнауына байланысты Қорғаныс министрлігінің барлық обьектілерінің қызметі күшейтілген режимге өтті. Қару-жарақ сақталатын объектілердің қызметі де қосымша күшейтілген. Сондай-ақ Қапшағай қаласындағы әскери бөлімге шабуыл жасағандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды деп мәлімдейміз», — деп жазылған алдын ала таратылған хабарламада.