Елімізде бір мемлекеттік грантқа 20 түлек таласып жатыр

19 просмотров

Білім министрлігі мемлекеттік гранттың санын қысқартты. Бұл өз кезегінде дарынды жастарды тығырыққа тіреп отыр.

Бұл туралы КТК хабарлайды.

Оның үстіне  биыл  бюджет есебінен тегін оқуға 60 мың түлек өтініш берген. Алайда бөлінген  грант саны 31 мың. Яғни екі еседей аз. Сондықтан үміткерлер санының  көптігінен бір орынға жиырмадан астам ұл-қыз таласып жатыр. Әдеттегідей дипломат, аудармашы, заңгер болғысы келетіндердің саны өте  көп.

Кімнің мемлекет есебінен тегін оқитынын Астанадағы республикалық комиссия шешеді. Оған  Білім министрі  бастап  бірқатар университет ректорлары  қостаған ұзын саны 20 адам мүше. Тестілеуден жоғары ұпай алып, конкурсқа қатысу үшін құжат өткізген 60 мыңға жуық түлектің тізімін алған комиссияның жұмысы қызу. Олар мемлекеттік білім грантын студенттерге бірнеше күннің ішінде үлестіріп беруі тиіс.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

-Конкурсқа 59 677 адам қатысуда. Оның 47 342-сі қазақ тілінде білім алғандар. Білім грантынан үміткерлердің арасында 2 208 «Алтын белгі» иегерлері бар. 303-і – колледж түлегі, 169-ы – халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары.

Загрузка...