Елбасы Италия премьер-министріне зілзалаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

23 просмотров

Мемлекет басшысы Италия Республикасының премьер-министрі Маттео Ренциге жер сілкінісіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Елбасы Апенин түбегінің орталық бөлігіндегі жер сілкінісі салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті достас Италияға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізіп, табиғат апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Еске сала кетелік, Италияның орталығына жақын Перуджа қаласы маңында жойқын жер сілкінісі болды. Салдарынан қаланың тең жартысы жер астына кетті. Италияның Аматрич және Аккумола қалашықтарында болған 6,2 балдық зілзаладан 120 адам мерт болған, 400-ге жуығы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Загрузка...