Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Допинг дауына ұрынған қазақстандық ауыр атлеттер спорттан уақытша шеттетілмек

Ауыр атлеттердің халықаралық федерациясының сайтындағы мәліметке сүйенсек,  2012 жылғы Лондондағы Олимпиада ойындары жеңімпаздарының допинг-сынамаларының екінші сараптамасының нәтижесінде қазақстандық спортшылардың қанында төмендегі заттар табылғанын хабарланады:

Светлана Подобедова (KAZ) – Станозолол (S1.1 анаболикалық агенттер); Майя Манеза (KAZ) – Станозолол (S1.1 анаболические агенты);
Илья Ильин (KAZ) – Дегидрохлорметилтестостерон, Станозолол (S1.1 анаболикалық агенттер); Зульфия Чиншанло (KAZ) – Оксандролон, Станозолол (S1.1 анаболикалық агенттер).

Мұндай жағдайда ережеге сәйкес, допингке қарсы ережелерді бұзған спортшыларды халықаралық федерация қарап жатқан істі жапқанша спорттан шеттетеді.

Халықаралық федерация жақын арада Бейжіңдегі Олимпиада жүлдегерлерінің сынамаларына қайта жүргізілген сараптама нәтижесін хабарлайды. Егер спортшылардың допингке қарсы ережелерді бұзбағаны анықталса, тиісті шешім қабылданады. Ал оған дейін әлі ресми мәлімдеме жасамайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз