Данагүл Темірсұлтанова жас кезіндегі суретін көрсетіп жұртты тамсандырды (фото)

1 159 просмотров

Танымал актриса Данагүл Темірсұлтанова өзінің Инстаграмдағы парақшасында театрға алғаш жұмысқа тұрған кездегі суретін салыпты. 

Өз кезегінде желідегі қауым елге «Тамаша» әзіл-сықақ театры арқылы танылған актрисаның жас кезіндегі сұлулығына қайран қалысқан екен. Сонымен бірге, қыздарының өзіне қатты ұқсайтындығын айтқан.

image-93

“Қалайсыздар? Демалыстарыңыз сәтті өтсін! Киелі қара шаңырақ Мұхтар Әуезов театрына келген кезім. Шіркін, жастықтың аты жастық қой”, – деп жазыпты Данагүл Темірсұлтанова өзінің суретінің тұсына.

“Тағы да жас кезіңіздегі суретіңізді салыңызшы. Өте сұлу екенсіз. Қазір де ажарыңыз таймаған, Данагүл апа”, “МашаАллах,  сұлусыз”, “Не деген сұлулық?! Мұндай сұлулық тек қазақ қызына тән”, “Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпеген”, “Данагүл ханым, Тамаша театрын қайта құрғандарыңызға қуаныштымын” деген екен әлеуметтік желідегі қауым.

12328123_1674876449436995_1200898658_n

Айта кетелік, Данагүл Темірсұлтанова мен жолдасы Азат Сейітметов осы күнде үш бала тәрбиелеп отыр. Өнер жолында жүрген қос актердің Айша, Айым есімді қыздары мен бір ұлы бар.

Загрузка...