Далластағы наразылық акциясы кезінде бес полицей оққа ұшты

19 просмотров

Америкалық Даллас штатындағы наразылық акциясы кезінде тәртіп сақшыларына күш көрсетіліп, соның салдарынан бес полиция қызметкері оққа ұшты, тағы жетеуі атыс кезінде жараланды, деп хабарлады CNN. Телеарна мәліметі бойынша, полицейлерге оқ атқан екі мерген қашып кеткен.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, полиция қарсылық көрсеткен тағы бір күдіктіні ұстады.

Далластағы және АҚШ-тың басқа да қалаларында өткен наразылық акциялары шілденің басында полиция қызметкерлері екі афроамерикалық азамат – Луизианада Алтон Стерлинг пен Миннесотада Филандо Кастайлды атып өлтіргеннен кейін басталған еді. Екеуі де ұстау кезінде өлтірілген; полиция қызметкерлері өздерінің заң аясында әрекет еткендерін айтып отыр.

Бір жыл бұрын Фергюсон қаласында (Миссури штаты) жаппай тәртіпсіздікке байланысты төтенше жағдай енгізілген болатын. Бұл оқиғалар 18 жастағы афроамерикалық Майкл Браунды полицейлердің атып өлтіргеніне бір жыл толуымен тұспа-түс келген еді.

Загрузка...