Дағдарыс дендеп бара ма? Елде «валюта сатып алғыштар» азайыпты

72 просмотров

Қазақстанда валютаның қара нарығы қанат жайған — мұндай ойға мамырда валютаға деген сұраныстың құлдырауы жетелейді. Бұған импорттың күрт азаюы да себеп болуы мүмкін. Бірақ анық үрдіс бар — дағдарыс терең тамыр жаюда.

Халықтың тұтынушылық қабілетінің құлдырап бара жатқанын қаңтар-мамыр айларындағы бөлшек-саудадағы тауар айналымының 1,3 пайызға, ал көтерме сауда көлемінің 6,9 пайызға төмендегені көрсетіп отыр.

Мамырда Ақышев төменгі шекті мөлшерді көрді

Осындай көңілсіз ресми статистика жағдайында мамырда халыққа доллар сату көлемінің төмендеуі Ұлттық банкті Данияр Ақышев басқарған кездегі ең төменгі шекті мөлшер — $439 млн-ға дейін құлдырауы заңды дүние ретінде көрінеді. Сәуірге қарай құлдырау 15,3 пайызды құрады, ал осы кезеңдегі айлық көрсеткіш желтоқсан айында қол жеткізілген шекті мөлшерден ($1 млрд. 668,2 млн) есе аз!

Айырбастау орындары бұл жолы да америкалық валютаны халыққа сатқаннан гөрі көбірек сатып алды, — $622,8 млн,

бұл да Ұлттық банкті Ақышев мырза басқарған кездегі ең төменгі мөлшер. Мұндай тенденция ақпаннан бері сақталып отыр, және алғашқыда долларсыздандырудағы табыстарды тілге тиек еткен Ұлттық банк, мұны жақсылыққа балаған еді

Алайда осындай жағдайда біздің базарлардағы, «барахолка» мен дүкендердегі сөрелердің қолма қол валютаға сатып алынатын импорттық тауарларға толуының қалай жалғасып жатқанын Ұлттық банктегілер әзірше түсіндіре алмады.

Халық рубль сатып алуға құмар екен

Халықтың ресейлік рубльге қарай бет бұруының күшеюі жөнінде реттеуші үн қатпай отыр. Ал осы кезде мамыр айында сәуірге қарағанда, сатып алу 9,2 пайызға, яғни, 9,7 млрд рубльге дейін төмендесе де

айырбастау орындарында ресейлік рубль долларға қарағанда, тұрақты жоғары деңгейде болды

Есесіне, бұл валютаны халықтан сатып алу деңгейі Ұлттық Банкті Ақышев мырза басқарған кездегі ең жоғарғы мөлшер 3,39 млрд рубльге дейін көтерілді. Осы ретте, қазақстандықтардың еуропалық бірыңғай валютаға деген қызығушылығының құлдырауы бірден көзге ұрады, айырбастау орындарының оны халыққа сатуы мамырда 54,1млн евро құраған, бұл сәуірмен салыстырғанда 8,0 пайызға төмендесе, ал осы евроны халықтан сатып алу көлемі 16,1 пайызға артқан.

ҚР валюта айырбастау орындарының қолма қол шетел валютасын сатып алуы/сатуы, млн дана.

1-30-e1467193875959

 

Дереккөз: ҚР Ұлттық банкі.

Қазақстан импортты азайтты

Көктемнің соңғы айы биржадағы своп-нарықта доллар айналымы $3,3 млрд құраған айлық төменгі шекті мөлшерге дейін төмендеуімен ерекшеленді, бұл сәуірмен салыстырғанда, 1,7 есе және Ақышев мырза Ұлттық банктің төрағасы болып тағайындалған қарашада қол жеткізілген айлық жоғары шекті мөлшерден 4,1 есе аз. Мұндай тенденция екінші деңгейдегі банктерде, шын мәнінде, теңге өтімділігі пайда болғанын білдіреді. Ал мамырда спот-нарықта сәуірмен салыстырғанда, америкалық валюта бойынша сауда көлемі 9,2 пайызға төмендеген, бұл желтоқсандағы шекті мөлшерден 1,9 есе төмен. Бұл жерде Ұлттық банкке қуанарлық еш нәрсе жоқ, өйткені банк клиенттері валюта биржадан сыртқы сауда келісімдері бойынша есеп айырысу үшін сатып алады, осы жерде айналым құлдырағандықтан, импорт та қысқарады. Айтпақшы,

Қазақстанға шетелден әкелінетін тауар әкелі көлемі қаңтар-сәуірде 27,7 пайызға қысқарды

Мұндай жағдайда банкирлер басы артық теңге және доллар өтімділігін қайда жұмсайды екен, бұл, әлбетте, риторикалық сұрақ.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) АҚШ долларын саудалау көлемі, млн USD

2-29

 

Дереккөз: KASE

Загрузка...