Биыл жоғары білімді мамандықтар бойынша 31 702 грант бөлінді

66 просмотров

Биыл жоғары білімі бар мамандарды даярлауға 31 702 грант бөлінді, оның ішінде сырттай бөлімге 300, жоғары оқу орындарының дайындық бөліміне 2500, тілдік дайындық деңгейін арттыруға 450 грант қарастырылған.

Білім және ғылым министрлігі сайтындағы деректерге сүйенсек, мемлекеттік тапсырыстан 3 162 грант «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» (Серпін-2050) бағдарламасы бойынша, оның ішінде 1000 педагогикалық, 1717 техникалық, 345 ауыл шаруашылығы және 100 орын медициналық мамандықтарға бөлінген.

Мемлекеттік тапсырыс аясында Назарбаев университетіне (700), Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне (200), Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалына (125), Мәскеу авиациялық институтының «Восход» филилалына (45), Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне (500), Қаржы академиясына (50) және Қазақ-Британ техникалық университетіне (200) мақсатты орындар бөлінген.

Мемлекеттік тапсырыс төмендегідей бөлінді: педагогикалық мамандықтарға – 5000, гуманитарлық ғылымдар – 700, құқық – 100, өнер – 170, әлеуметтік ғылымдар – 700, жаратылыстану ғылымдары – 1470, техникалық ғылымдар және технологиялар – 12 593, әскери іс және қауіпсіздік – 60, медициналық мамандықтар – 3000, ауыл шаруашылығы және ветеринария – 2690.

Магистратурада мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс 7429 орынды, оның ішінде бейінді магистратураға 3000 орынды құрайды.

PhD докторантурадағы мемлекеттік тапсырыс 628 бірлікті құрайды, оның ішінде 43 орын Назарбаев университетіне бөлінген.

Загрузка...