Бишімбаев не дейді?

32 просмотров

Биылғы жылы республикалық бюджеттiң кiрiс бөлiгi артық орындалады деп болжанып отыр.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев айтты, – деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Осы жылы республикалық бюджет кірістері артық орындалады деп күтілуде. Сондай-ақ
2015 жылғы бюджет қаражатының 85,1 млрд теңге сомасындағы қалдықтары бар.
Осыған орай, биылғы жылғы қыркүйек айында 2016 жылға арналған республикалық бюджет нақтыланатын болады. Ол кірістер бойынша болжамды ұлғайтуды және 2015 жылдың пайдаланылмаған қаражатын тартуды көздейді», —  деді Қ.Бишiмбаев.

Оның айтуынша, бюджетті нақтылау кезінде қосымша қаражаттың бір бөлігі 2016-2017 жылдары экономиканың өсуіне мультипликативтік әсері бар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жеделдетуге, агроөнеркәсіптік кешен мен өңдеу өнеркәсібінің жобаларын қаржыландыруға бағытталатын болады.

«Ұсынылып отырған шараларды ескере отырып, ел экономикасының оң өсiмiне өту ағымдағы жылғы маусым-шілдеде, ал 2016 жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған 0,5 пайыз деңгейінде күтіледі», — деді министр.

 

Загрузка...