Білім, медицина және құтқарушы қызмет саласындағы қызметкерлердің жалақысына үстемақы тағайындалды

46 просмотров

Қазақстанда білім, медицина және құтқарушы қызмет саласындағы қызметкерлердің жалақысына үстемақы қосу туралы үкіметтің үкімі жарияланды.

ҚР Үкіметінің 2016 жылдың 30 мамырындағы үкіміне сәйкес, „Азаматтық қызметкерлердің, мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйым жұмысшыларының, мемлекеттік кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақы жүйесі туралы„ қаулыға өзгерістер мен түзетулер енгізілді.

Өзгеріс, негізінен, аталған құжаттың екі нормасына қатысты жасалып отыр.

„ Азаматтық қызметкерлердің, мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйым жұмысшыларының, мемлекеттік кәсіпорын жұмысшыларының еңбек жағдайы үшін үстеме ақы„ туралы 4-қосымшасы мектепке дейінгі тәрбие беруші ұйымның тәрбиешілері көмекшілерінің еңбегі айырықша деп бағаланып, оған базалық еңбекақысының 30 пайыздық көлемінде үстемақы тағайындау керек деген нормамамен толықты.

Сол секілді „Денсаулық сақтау саласындағы азаматтық қызметкерлердің, мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйым жұмысшыларының, мемлекеттік кәсіпорын жұмысшыларының еңбек жағдайы үшін үстемақы„ туралы 5-қосымшаның 7-бабындағы 3 тармақшасына өзгеріс енгізілді. Оған сәйкес, табиғи және техногендік апатты жою кезінде шұғыл медициналық қызмет көрсету айырықша еңбек жағдайы деп танылып, олардың қызметіне тағайындалған базалық еңбекақының 50 пайызы көлемінде үстемақы тағайындау бекітілді.

Сонымен қатар 4-қосымшаның 12 тармақшасында кәсіби құтқарушы қызметтегілердің жұмыс бабында айырықша көзге түскендерге еңбек өтіліне қарамастан үстемақы белгіленсін деп көрсетілген.

Бұл үкім жария болғаннан кейін 10 күннен соң өз күшіне енеді.

Загрузка...