Баян Есентаева: «Өгей жүрек»? Сүйісе берсін онда не тұр? Қазақта да секс бар!»

13 345 просмотров

Осыдан біраз бұрын сайтымызда «Өгей жүрек» сериалы: төсекке жатқызып, сүйістірмесе, қазақтың киносы өтпей қала ма?» деген  мақала жариялағанбыз. Нақтырақ айтсақ, белгілі блогер Айгүл Орынбек осы сериалдағы «еркекпен ернін жұлып алардай сүйісіп» отырған Кәмшат Жолдыбаеваның кейіпкерін сынға алған еді. Міне, сол сын белгілі продюсер Баян Есентаеваға жеткен екен. Баян мұны жауапсыз қалдырмапты. «Өгей жүрек» сериалындағы эротикалық көріністерді Есентаева қазақ қоғамындағы «ұят» атты кеселмен байланыстырыпты. Сонымен, ол  не дейді? 

902a7d685bc855e19af0ba3fe70b3fa5-big
Баян Есентаева

Қызықсыздар сіздер, қиял әлемінде өмір сүресіздер. Шындықты айтудан және көрсетуден қорқасыздар. Қазақтың балалары қайдан, қалай туады осы? Осыны ойландыңыздар ма? Мен бір ай бойы Францияда болдым. Көргенімді айтайын. Адамдар бір-біріне жақсы көретінін, ынтық екенін айтудан ұялмайды. Бір-бірінің қолдарынан ұстайды. Қысылмай құшақтаса береді, аймаласады. Көздеріне қымсынбай қарайды.  

Иә, біздің ұлттың болмысы бөлек. «Ұят» деген бар бізде. Осы «ұят» деген бәле болды. Біз бір-бірімізді жақсы көруден, қолымыздан ұстаудан, құдай бетін әрі қылсын ел алдында ернімізбен сүйісуден қорқамыз. Бәрі «ұят болады» деген шеңберге тіреледі.

Біз ерлермен төсекте аймаласпаймыз. Бізде ер мен әйел бөлек ұйықтайды. Ал балаларымыз өз-өзінен пайда болады.  Бізде жақсы көруге, ынтық болуға болмайды. 

Сериалдарды еркек пен әйелдерімізді аймаласа қалса сынай жөнелеміз. Мұндай сын айтушылар, мін тағушылар өмірді түсінбейді.  Ал негізінде біз ең өткір, өзекті мәселені көтердік. Жетімдер үйіне барыңыз. Тастанды балалардың 99 пайызы – қазақтар. 

Неге білесіз бе? Себебі біз махаббат мәдениетін білмейміз. Себебі, ҰЯТ. Ал бала махаббаттан туады. Біз бұл туралы айтудан ұялмаумыз керек. Біз бұл туралы айтуымыз керек. Балалар балалардың қалай пайда болатынын білуі тиіс. Әйтпесе есейгенге дейін олар қалай, қайдан пайда болғанын білмей өтеді. 

Махаббат мәдениетін білмейтін бала отбасы әлемінің қаншалықты күрделі дүние екенін түсінбейді. Осы себепті мыңдаған тастанды бала қазіргі күні жетімдер үйінде көздері жәудіреп отыр. 

aaa

bayan-es

Загрузка...