Бас прокурор: «ЭКСПО кезінде митингіге тыйым салу қажет»

56 просмотров

Қазақстан бас прокуроры Жақып Асанов «ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтетін уақытта Қазақстанда митинг өткізуге және қару сатуға заңмен тыйым салуды ұсынды.

Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі хабарлайды.

Астанада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыспен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында Асанов ЭКСПО сияқты ауқымды шараны «белгілі бір шектеу енгізбей өткізу мүмкін емесін» айтқан.

«Сочиде митинг, демонстрация мен пикеттерге заңмен шектеу салынды. Қару сатуға тыйым салынды. Басқа қалалардан келетін көліктерді кіргізбеді. Біз де бұл жайлы ойнастыруымыз керек. Бұл әлемдік тәжірибе және барлық елде халық мұны дұрыс түсінеді» деген Асанов.

ЭКСПО көрмесі Астанада 2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек арасында өтеді. Көрмеге 100-ге тарта мемлекет, бірнеше халықаралық ұйым қатысады деп жоспарланған.

Загрузка...