Бас бапкер: Финалда Елдос эмоциясына ие бола алмады

77 просмотров

Дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ермек Имамбеков Сметовтың күміс медаль алғанына риза екенін айтты.

Бұл туралы  khabar.kz жазады.

«Біз алтын иеленеміз деп ойладық. Елдосқа сондай мақсат қойған болатынбыз. Бірақ екінші болдық, елімізді қуанттық. Менің ойымша, финалға шыққанымызды естіп, бәріміз қуанып, ақтық сайыста Елдос эмоциясын ұстай алмады», — деді Имамбеков.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарының финалында 60 келі салмақ дәрежесінде Елдос Сметов ресейлік Беслан Мудрановқа жол берді. Сонымен қоса қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэгцэг қола медаль иегері атанды.

Загрузка...