Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Бала орысша оқымаса, адам болмай ма?

353

Қысқа да нұсқа. Елбасы айтпайды емес, айтады. Ол да бəрін біліп отыр. 

Бірақ, бұл əншейін сөз емес, Назарбаевтың Үкіметке жүктеген нақты тапсырмасы болатын. Ал Мəсімов үкіметі президент жүктеген міндетті қалай орындауда, осы? Қазақша сөйлейтіндердің саны көбейді ме? Əлде басқа мəселелермен басы қатып жүрген Мəсімов үкіметі Елбасының тапсырмасын естен шығарып алды ма?

Неге десеңіз, 2017 жылы тиіп тұр. Əнеміне есіктен кіретін кезі алыс емес. Алайда мемлекеттік тілді білмейтіндердің əлі де көп екенін жəне олардың саны бір мысқал азаймағанын көріп біліп жүрміз.

Мемлекеттік тілге қашан мəжбүрлік туады?

Одан қалды, Тəуелсіз елде өмір сүре тұра баласын əлі күнге дейін орыс мектебіне беретіндер бар. Демек, Тəуелсіз елде тілінен айырылып қалған ұрпақ əлі де тəрбиеленіп жатыр.

Қазақтың өз жеріндегі үлесі 70 пайызға жетсе де өз тілінде сөйлей алмай жүр. Рас қой. Кеңестік кезеңнен қалған шаблондар халықтың санасына сіңіп қалғаны соншалық,

«балам орысша оқымаса адам болмайды» деген түсінік əлі де «өлмеген». Өзектілігін жоймаған.

Иə, айтылмай жүрген дүние емес. Білесіз. Өзіңіз де естігенсіз. Туысқаныңыз сізге солай айтуы мүмкін, тіпті өзіңіз де солай ойлауыңыз ғажап емес…

Байқаған адамға осы сөздің астары қорқынышты.

«Балам орысша оқымаса адам болмайды» деген түсініктің арғы жағында

«қазақ орысқа қосылмаса, орыстың жанында жүрмесе мандымайды» деген құлдық психология жатқан жоқ па?

Құдай сақтасын.

Бұл өз алдына. Бұл да айтылып жүр.

Негізгі сауал:

2020 жылы қазақстандықтардың 95 пайызы қазақша сөйлей ме, қалай ойлайсыз? Сөйлесе, мұның алғышарты қазірден бастап көрінуі керек еді ғой? Алдымен Мəсімов үкіметінен байқалуы керек еді.

Мəсімов қазақшаны акцентсіз сөйлеген күні бізде бір үміт пайда болар еді. Əзірге ол жоқ…

Белгілісі, 2020 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақша сөйлеуі үшін Үкіметтің өзі мемлекеттік тілге деген мәжбүрлік туғызуы керек еді. Əзірге ол да жоқ…

Аль ФРЕДО

maMxiCiLc7s

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз