Бір реттік төлем «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне беріледі. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Шымкенттегі «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері 21 625 теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы алады.
Жалпы, қалалық әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, қалада осы санатқа жататын 14 267 ана бар екен. Олар Халықаралық әйелдер мерекесіне орай 5 АЕК көлемінде, яғни, 21 625 теңгеден бір реттік жәрдемақыға ие болады. Ақша жергілікті бюджеттен бөлінеді.