БАҚ: Ресей Донбастағы сепаратистерді тежеуін доғаруы мүмкін

40 просмотров

«Ведомости» Ресей Қауіпсіздік қызметінің Қырымда теракт ұйымдастырған делінетін «украиналық диверсанттарға» қатысты отырыстың нәтижелерін жариялады. Жиналыста Украинаға берілетін жауаптарды дайындауды тиісті мекемелерге тапсырды.

Украинаға жауап ретінде қуатты әскери соққы беру жайы қарастырылмады, деп хабарланды. Бірақ, Донецк халық республикасының билігіне жақын дереккөздің айтуынша, Мәскеу Украинаның шығысындағы сепаратистердің іс-қимылдарын тежеуін доғаруы мүмкін.

Тағы бір мәлімет бойынша, Ресей Қауіпсіздік кеңесі Владимир Путин мен ресейлік Сыртқы істер министрлігінің Киевті қорқытатын нақты «жауаптарын» әлі толық анықтаған жоқ.

10 тамызды ресейлік билік Қырымда теракт ұйымдастырмақ болды делінген украиналық диверсанттардың ұсталғанын хабарлады. Президент Путин Украинаны террор жолына түсті деп айтыптады. 11 тамызда Ресей СІМ-і Қырымдағы оқиға «жауапсыз қалмайды» деп ескертті.

Өткен жұмада премьер Дмитрий Медведев Украинамен дипломатиялық қарым-қатынас үзілуі мүмкін екендігін жоққа шығармады. Киев қандайда бір диверсияға қатысы барын жоққа шығарып, бұны ресейлік арнайы қызмет ұйымдастырған «арандатушылық» деп атады.

Загрузка...