Бүгін Өзбекстан парламенті президент міндетін атқарушыны тағайындайды

783 просмотров

Бейсенбі күні Ташкентте Өзбекстанның заң шығарушы палатасы мен Олий Мәжілісі сенатының бірлескен отырысы өтеді. Онда Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін президент сайлауы өткенше, президент міндетін уақытша атқарушыны тағайындайды.

Өзбекстан Конституциясының 96-бабы бойынша, «қазіргі президент өзінің міндетін атқара алмаған жағдайда, оның міндетін елдің Олий Мәжілісі сенатының төрағасы атқарады. Үш айдың ішінде «Өзбекстан Республикасының Президентін сайлау туралы» заңға сәйкес сайлау өтеді» делінген.

Қазіргі уақытта Өзбекстанның Олий Мәжілісі сенатының төрағасы – Нигматулла Юлдашев.

Каримовтің өлімі туралы ресми ақпарат 2 қыркүйекте жарияланды. Өзбекстанның тұңғыш президентін 3 қыркүйекте Самарқанда жерледі.

Загрузка...