Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
9
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

“Қазіргі қазақ бұрынғы қазақ емес, енді бізді ешкім басына алмайды” – Мұхтар Тайжан

112

Мұхтар Тайжан отырыста екіге жарылған тарапты төмендегідей сипаттайды.

Ірі жер иеленушілердің іші тарланып, көзін шел басқан

Мұхтар Тайжан

Мұхтар Тайжан

„Мұнда жерді сатуға аса қызығушылық танытушы жеке мүддедегі және үлкен немесе орташа үлестегі жері барлар отыр. Олар сол үлесті сатып алып, жекеменшікке айналдырғысы келеді. Ондайлар өздерін „жерде жұмыс істеушілер„ деп атап, сонымен өздерін жақсы қылып көрсеткісі келеді.

Ал қалғандары — қарсылар. Оның ішінде ұсақ шаруа қожалықтары да бар. Бүгінгі ірі шаруа  қожалықтарының қалай пайда болғанын ешкім ұмыта қоймаған болар. Олар 1990 жылдардың соңы мен 2000 жылдардың басында ұсақ шаруалардың жерін иемденіп, пайлық жүйе арқылы құрылды.

Бұл арада құпия ештеңе де жоқ.

Ірі жер иеленушілердің іші тарланып, көзін шел басқан, олар осы ел азаматтарының ата-бабасы қанын төгіп, жанын берген жерді жалпы халықтікі, сондықтан оны сату барып тұрған тексіздік деп санайтындығы еш қызықтырмайды. Кәсіпкер ретінде жер иеленушілерге халықтың еркіне қарсы шыққан бұл қозғалысыңыз бүгінгі бизнесіңіздің күл-талқанын шығаруы мүмкін деп айтқым келеді. Бүгінгі барларыңызға ырза болыңыздар, әйтпесе одан да айырылып қаласыздар.

Кезінде Жер кодексі басқалай демографиялық жағдайда, басқалай әлеуметтік-саяси қалып кезінде қабылданған. Ал қазір елдің демографиясы күрт өзгерген. Қазір қазақтың саны 76 пайызды құрайды. Демек, бүгінгі қазақ ұлтының ұлттық сана-сезімі басқадай сапада.

Қазіргі қазақ өзін өз елінің қожайыны деп санайды, сондықтан қазақ өз тағдырын шешетін кез келген мәселеге жең түре кірісуге дайын„.

Халық жерді ешкімге сатқызбайды!

Мұхтар Тайжан кезінде елдің байлығын саудалап, жарлы-жақыбайларды емін-еркін билеп-төстеген орысбайлардың дәурені өтіп бара жатқанын ескертеді.

„Биліктегі, сол секілді үкіметтік емес сектордағы орыстанған қазақтар қуыстанып, беті қайта бастады. Ең бастысы, халықтың билікке деген сенімі ақырындап керіге кетіп барады.

Мұнай мен өзге де табиғи ресурстар осы жылдар бойына талан-таражға түсті, ал халық қайыршы болып қалды. Әрине, халықта 25 жыл бойына экспорттаған ел байлығынан түскен пайда ақша қайда кетті деген заңды сауал туады. Оған нақты жауап жоқ. Ал теледидар арқылы көрсетіліп жатқан даңғаза форум мен съездер — бұл жауапқа жатпайды.

Халық күн сайын әділетсіздікпен бетпе-бет келіп жатса, аяқ басқан жерінің барлығы сыбайлас жемқорлық, тамыр-таныстық болса, перзентхана, балабақша, мектеп, универсиет, жұмыс орны – барлығында. Ал тірнектеп еткен еңбегінен жиналған зейнетақы жинағы ұрланса, тапқан табысы девальвация салдарынан құнсызданса, бағалар екі есеге өссе, ақыры өлгенде жерленетін орнын да сатып алса, әрине халық ондай билікке сенбейді,

оларда қалғаны – ең қасиетті де қадірлісі жер ғана. Енді халық қолында қалған ең қымбаттысы – Жерді ешкімге сатқызбайды!

Құтқарушы инвестициялық ағым деген әнге енді ешкім сенбейді. Өйткені инвестиция деп әндетіп жүргенде Қазақстан халқы көп уақытын жоғалтып, мұнайсыз, ақшасыз, борышкер болып шыға келген. Енді халық соңғы қымбаттысын — өзінің жерін жоғалтып алуға қорқады. Міне, халық осылай ойлайды, оған таң қалатын дәнеме жоқ„.

Жерді сатсақ, ауыл-аймақтардағы бар былық-шылықтарды заңдастырып береміз!

Сондай-ақ Жер туралы ұлттық комиссияның мүшесі өз ойынан қалай айнығанын. оның басқаларға сабақ болуын ескертеді.

„Иә, жерді сатуды уағыздайтын аграрлық сала ғалымдары оны теориялық тұрғыда мінсіз дәлелдейді. Комиссия жұмысқа кіріскен кезде де мен сондай ойда болғанмын. Мен де ІІ-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жапондардың аграрлық реформасы секілді ұсыныс жасағым келген. Жапондарда жапон шаруалары феодал емес, нақты жер иеленушілер болып шыққаны секілді.

Мен де біздің шаруалар жер иеленушіге айналып, тез байыса ғой деп ойладым. Алайда біздің ауылдардағы жер қатынастары жағдайымен көзбе-көз таныса отырып, жерге қатысты былық-шылықтарды анықтай келе, қазір жерді сататын болсақ, тіпті қазақстандық азаматтарға, біз сол былық-шылықты заңдастырып беретінімізді ұқтым.

Сондықтан біз ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді сатуға қойылған мораторийді әрі қарай ұзартуды, шетелдіктерге жерді жалға беру мерзімін 5 жыл деп белгілеуді талап ететін боламыз.

Әрине, бұл заңды тұрғыда сатылып қойылған жерлерді қайтарып алу керек дегенді білдірмейді. Бүгінге дейін ауылшаруашылығы мақсатындағы жердің сатылғаны 0,6 пайыз, ол ұлттық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндірмейді. Ал латуфиндистер жерді сатып алмаған, олар көбіне жалға алған.

Жер мәселесін зерттей келе ұққаным, ауылшаруашылығының өркендеп-дамуына тежеу болып тұрғаны — жердің монополизациясы — латифундистер. Сондықтан бұл арада, керісінше Қазақстанда латифундизмді шектеу керек.

Бұл мәселеге қатысты комиссияның шектеу енгізгені жақсы болған„.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз