Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақтың көңілі неге қаяу? Немесе билік нені білмей жүр?

378

Бәлкім,

дәл қазір қазаққа дәл осындай патриотизм қажет шығар, қалай ойлайсыз?

Барлық қазақ мұндай емес, бірақ. Рузаның батырлығы біздің бойымызда жоқ, өкінішке қарай. Мойындайық. Ол мыңмен жалғыз алысып жүр.

Біз болсақ, өз принципіміз бен позициямызды, тым құрымағанда, заң жүзінде қорғай алмаймыз. Неге?

Кім көрінгеннің көңілін табуға тырысу… Қазіргі қазақ халқының көрген күні осы.

Бұл не? Бұл – жалпақшешейлік

Анығында, біз барымызды қайтаруға, жоғалтқанымызды түгендеуге тиіс едік. «Заттық моральдық, ізгілік шығындарымызды әлі ешкім түбегейлі зерделеп есептеген жоқ, өйткені» (Таласбек Әсемқұлов). Осыны түсіндіре алмай-ақ қойдық, түсінгілері келмейді.

Анығында,

қазіргі Қазақстандағы бейбітшілік пен тұрақтылық өзге ұлт пен ұлыс өкілдерінің осы елге деген сүйіспеншілігінен емес, қазақ халқының сабырлылығының арқасында сақталып отыр.

Солай ғой, сіз қалай ойлайсыз?

Нұртөре Жүсіптің бір сөзі бар.

«Билік басындағылар күн сайын қазақ халқының амандығын тілеп оянуы керек, күн сайын қазақ халқының төзімділігін есіне алып, тәуба деп жатуы тиіс», – дейді ол.

Дұрыс айтқан.

Үкімет олай ойламайды, алайда. «Қазақ халқының амандығын тілеп оянарына» да күдігіміз көп. Мысалын, өмірдің өзінен көріп жүрміз. Қазақстанда шешілетін ірілі-ұсақты мәселенің бәрі қазақ ұлтының есебінен шешіледі.

Қазаққа қарата айтылатын бір сөз бар: «тиыш-тиыш».

«Тиыш-тиыш» деумен тұтас ұлтты тірідей тұншықтырып жатқанын билік біле ме екен?

Тәуелсіздікті сақтап қалатын әрі ұстап тұратын қазақстандықтар ма, әлде қазақтар ма? Әрине, соңғылары. Тіліміздің бейшара қалпы, діліміздің дәйексіздігі күндердің күні Тәуелсіздіктен айырып тынуы мүмкін бе? Жоқ. Ол күнге жеткізбесін. Жеткізбеудің бір жолы – Руза болу және дәл сол сияқты тынбай күресу.

13267727_1137900869595677_6154489234658403382_n

Фото: Евгений Кубеков

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз