Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Түркиядағы терактіге байланысты ресми мәлімдеме жасады

49 просмотров

Қазақстан 28-маусымда Ыстамбұл қаласында орын алған террористік актіні қатаң айыптайды. Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігі осындай ресми мәлімдеме жасады.

«Түркия үкіметіне және бауырлас халыққа, осы зұлымдық әрекет құрбандарының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісіне қарсы ымырасыз күресті өзінің толық қолдайтынын растай отырып, терроризмге қарсы кең ауқымды халықаралық коалиция (желі) құру арқылы осы бағыттағы халықаралық әрекеттерді үйлестіруді барынша нығайтуға шақырады», — делінген ҚР Сыртқы істер мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, түнде Ыстамбұлдың халықаралық әуежайында жарылыс болды. Оқиға салдарынан түрлі деректерге сәйкес, 36 адам қаза тапқан. Соңғы мәлімет бойынша 147 адам зардап шеккен.

Үш жарылыс халықаралық әуежай терминалында орын алды. Зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін баса айта кетелік.

Загрузка...