Қазақстанның ұлттық темір жол компаниясы қайта құрылымдалады

59 просмотров

Қазақстанның инвестиция және даму жөніндегі министрлігі ұлттық темір жол компаниясын қайта құрылымдауға дайындық жүргізіп жатқанын мәлімдеді. «Қазақстан темір жолы» құрылымынан «ҚТЖ-Инфрақұрылым» бөлініп шығатыны айтылды.

Мұндай қадам «2020 жылға дейінгі транспорт жүйесі инфрақұрылымын интеграциялау және 2020 жылға дейінгі дамудың стратегиялық жоспары деп аталатын мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жасалынуы тиіс деп түсіндіріледі.

«ҚТЖ-Инфрақұрылым» темір жол жүйесі ұлттық және жекеменшік тасымалдауларды қамтамасыз етумен айналысады екен.

Темір жол компаниясындағы айналым өткен жылы 750 млрд теңгені (2,2 млрд доллар) құраған. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ресми сайтында Қазақстан бойынша темір жол саласында 156 мың адам (тұрғындар санының 9 пайызы) жұмыс істейді деп жазылған.

«Қазақстан темір жолының» жалғыз акционері — бірнеше ұлттық компаниялар мен еншілес құрылымдардың басын қосатын «Самрұқ-Қазына» қоры.

612195e0-eccc-47db-8b7d-70364a211242_w987_r1_s

Загрузка...