Қазақстанның кейбір өңірлерінде үсік жүреді

28 просмотров

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек оңтүстік-шығыста, солтүстік-шығыста және шығыста өткінші жаңбыр жауады, найзағай болады. Орталықта, солтүстік-батыста және солтүстікте топырақ бетінде үсік жүреді.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 31-тамызда еліміздің солтүстігінде және орталығының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел екпіні күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аумағында күн салқындап, тұман болады, қатты жел тұрады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде де күн салқындап, тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысында, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде жел екпіні күшейеді, найзағай болады.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдап, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін қарқын алады.

Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Оңтүстік Қазақстан облысында шаңды дауыл болады.

Күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында да күн желді болады.

Күндіз Алматы облысында қатты ыстық болады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Загрузка...